Chery Париж Олимпиадасының жаһандық дайындығына қатысады
Париждегі Олимпиада ойындары қарсаңында Chery бүкіл әлем бойынша спорттық іс-шараларды ұйымдастырады. Олар жаһандық аудиторияның назарын аударуға, бренд пен тұтынушылардың арасындағы байланысты нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруға, сондай-ақ мінсіздікке деген тынымсыз ұмтылысты көрсетуге бағытталған.
Бүкіл елдегі спорт сүйер қауым Париждегі Олимпиада ойындарының басталуын асыға күтіп отыр. Мәдениет пен спорт салаларының алуан түрлілігіне асқан құрметпен қарай отырып, Chery компаниясы өзінің озық жаһандық стратегиясының аясында ғаламат үлкен әлемдік спорт мерекесіне дайындалу үшін әлемнің түпкір-түпкіріндегі автокөлік иелерімен, инфлюенсерлермен, көрнекті спортшылармен және беделді спорт ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтады. Олимпиадаға дайындық кезінде және өткізгенде Chery спорттық рух пен бренд мәні идеясын бейнелейтін «Dreams Open, Chery Up» ұранын басшылыққа алатын болады.
Мемлекеттік ұйымдармен серіктестіктің арқасында спорттық армандар орындалады
Париждегі Олимпиада ойындары жақындаған сайын Chery спорт саласындағы жаһандық ынтымақтастықты орнату үшін бар күш-жігерін салып отыр. Мемлекеттік ұйымдармен бірқатар келісімдерге қол қоя отырып, Chery халықаралық компания ретінде өзінің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп қана қоймай, әлемдік спорттың белсенді дамуына ықпал етеді. Компания Малайзияда Ұлттық спорттық кеңеспен келісімге қол қойды, келісім Олимпиаданың алтын, күміс және қола жүлдегерлерін Chery автокөліктерімен марапаттауды көздейді. Chery Париждегі Олимпиада ойындарына қатысатын Кувейт спортшыларына қолдау көрсету үшін Кувейттің Олимпиада комитетімен серіктестік байланыс орнатты. Сонымен қатар Chery Эквадордың Олимпиада комитетімен ынтымақтастық орнатылғаны туралы жариялады. Спорт физикалық және психикалық денсаулықты сақтауға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар адамдарды біріктіреді және ұлттық рухты нығайтады. Бұл ынтымақтастықтан спортты бүкіл әлемде насихаттауға деген Chery-дің ұмтылысы, сондай-ақ оның халықаралық компания ретіндегі стратегиялық көзқарасы мен әлеуметтік жауапкершілігі көрінеді. Chery өзінің күш-жігерін салып, спорт пен автоөнеркәсіп интеграциясын күшейтуге, әлемдік спортты дамытуға табанды түрде көмектеседі.
Бүкіл әлемге тараған Олимпиада толқынында
Париждегі Олимпиада ойындары қарасаңында Chery бүкіл әлем бойынша спорттық іс-шаралар ұйымдастырады. Олар жаһандық аудиторияның назарын аударуға, бренд пен тұтынушылар арасындағы байланысты нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстану үшін ынталандыруға, сондай-ақ мінсіздікке деген тынымсыз ұмтылысты көрсетуге бағытталған.
Филиппинде Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты аясында жүздеген спорт сүйер қауымды жинайтын ауқымды спорттық ойын-сауық шоуын өткізу жоспарланған. БАӘ-де Chery стритлифтинг жарыстарын және автокөлік иелерінің офлайн-кездесулерін ұйымдастырады, мұнда олар жүзбе-жүз сөйлесіп, спортпен шұғылданудан алған әсерлерімен бөлісе алады. Колумбияда Chery дилерлік орталықтары ойын-сауық алаңдарына айналады, мұнда жанкүйерлер өздерімен ниеттес адамдармен бірге жиналып, суретке түсіп, сүйікті спорт жарыстары кезінде жанкүйер бола алады. Алжирде Chery қайырымдылық пен спортты біріктіріп, балаларға арналған білім беруге қатысты қайырымдылық бағдарламасымен ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастырады, бұл балалардың спортпен айналысу рақатын сезінуіне мүмкіндік береді және сонымен бірге Chery-дің қоғамға деген қамқорлығын көрсетеді. Аустралияда да ауқымды іс-шаралар жоспарлануда: Chery отбасы мен достық құндылықтарына арналған #CheryUP# отбасылық іс-шаралар сериясын бастауға қатысу үшін көрнекі спортшылар мен жетекші спорт блогерлерін тартады. Дилерлік орталықтардағы апта сайынғы шоу-бағдарламалар, ұтыс ойындары және ойын-сауық іс-шаралары негізгі үш аймақта өткізіледі және барынша кең қамтып, спортты насихаттайды. Олимпиада қарсаңында Chery-дің Коста-Рикада ұйымдастыратын іс-шаралары да қызықты – бұл ойын-сауық офлайн-шоулары, инфлюенсерлердің спорт тақырыбындағы сұхбаттары, интерактивті сыйлық ұтыстары. Олардың ішінде Chery компаниясының есебінен сатып алынатын, спорттық жарыстарға барудың қайталанбас естеліктерін сыйлайтын және жарыс рухын сезіну мүмкіндігін беретін Париждегі Олимпиада ойындарына билеттер, әуе билеттері және VIP-орындарға билеттер бар.
Ауқымды жаһандық спорттық іс-шараларды өткізу арқылы Chery брендтің тұтынушылармен байланысын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар бүкіл әлемдегі құндылықтар мен спорт рухын дәріптейді.
Алдағы уақытта да Chery «Dreams Open, Chery Up» ұранымен дамуды жалғастырып, арман-мақсат, әуесқойлық пен мінсіздікке ұмтылу жайында спорттың ұлылығы мен бірегейлігін баяндайтын жаңа хикаялар тудыру үшін көптеген елдердегі серіктестермен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Тест-драйвке жазылу
Бізге әлеуметтік
желілерде қосылыңыз
Сервиске жазылу
Қолайлы Chery автокөлігін таңдаңыз және сервиске жазылыңыз
Дилер табу
Сізге ең жақын автокөлік дилерінің мекенжайын табыңыз
Қосалқы бөлшектер
Сізді қызықтыратын бөлшектердің қоймада бар-жоғын тексеріңіз
Қосымша жабдық
Сізді қызықтыратын бөлшектердің қоймада бар-жоғын тексеріңіз
Сайт cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға және жеке деректеріңізді өңдеуге келісіміңізді растайсыз.