Барлық автокөлік өндірушілерінің кеңесі – тиісті өндірушінің қауіпсіздік талаптары мен сапа стандарттарының сәйкестік сынақтарымен расталған түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдалану.

НЕЛІКТЕН ТҮПНҰСҚА ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРДІ САТЫП АЛУ МАҢЫЗДЫ?

Тиісті ақаудың түпнұсқа емес қосалқы бөлшектен туындау себебіне байланысты кепілдік беруден бас тарту қаупін жою мақсатында автокөлік өндірушісі сапасын растаған түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдалануға кеңес береміз. Түпнұсқа емес қосалқы бөлшектерді пайдалану автокөлікті пайдалану кезіндегі қауіпке және автокөлігіңізді жөндеу жұмыстары қымбатқа түсетініне алып келуі мүмкін.

ТҮПНҰСҚА ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРДІ САТЫП АЛУ ДЕГЕНІМІЗ:

Сатып алынатын қ/б
сапасының кепілдігі

Ақшаның үнемделуі

Автокөлікті пайдалану
мерзімінің артуы