КЕПІЛДІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

CHERY компаниясы жоғары сапалы автокөліктерді өндіреді. Және сенімді болуыңыз үшін біз 5 жылға немесе 150 000 км қашықтыққа (қайсысы ерте басталатынына қарай) тең кепілдік кезеңін белгіледік. 

МАТЕРИАЛДАР

Сатып алған CHERY автокөлігіңіз құтты болсын және өнімімізге білдірген сеніміңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Біз сізді CHERY маркасы автокөліктерінің артықшылықтарын бағалай білетін өскелең жанкүйерлері қатарынан көргенімізге қуаныштымыз. Компаниямыздың ұжымы біз шығаратын автокөліктердің сапасын мақтан тұтады.

КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ

Тізімі «КЕПІЛДІК БЕРУ ШАРТТАРЫ» бөлімінде көрсетілген бөлшектерге, тораптарға және агрегаттарға берілетін кеңейтілген кепілдікті қоспағанда, автокөлігіңізге берілетін кепілдік мерзімі, қайсысы ерте басталатынына байланысты 5 жылды немесе 150 000 км қашықтықты құрайды, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың «Кепілдікті Тіркеу» парағында көрсетілген және Дилер жаңа CHERY автокөлігін бірінші Иесіне берген күнтізбелік күннен бастап есептеледі және автокөлікке меншік құқықтарының одан әрі ауысуына қарамастан қолданылады. Автокөлігіңізге деген меншік құқығы басқа Иеленушіге ауысқан кезде, осы Нұсқаулықты автокөлікпен бірге беруіңіз керек.