360° шолу
Экстерьері
Интерьері
Өнімділігі
Қауіпсіздігі
Технологиялар

Экстерьері

CHERY Tiggo 4 кроссовері барынша жайлы және қауіпсіз жүргізу үшін ғана емес, сондай-ақ ол өзін заманауи және динамикалық автокөлік ретінде көрсете алатын кез келген саяхат үшін жасалған.

Сәнді интерьер, кеңейтілген жылыту пакеті және орындықтардың икемді баптаулары – жолдағы әр минут рақатқа бөлейді. Сонымен қатар CHERY Tiggo 4 кроссовері сауатты эргономикасымен және тамаша дизайнерлік шешімдерімен баурай алады.

Жоғары клиренспен, жайлы кең салонмен, көзтартарлық сыртқы түрмен және соңғы буын мультимедиасымен тіркесімдегі сәнді дизайн – қажеттінің бәрі осы уақытта және осы жерде бар.

Интерьері

Сыйымды жүксалғыш

Жүксалғыш өте үлкен, бұл саяхаттардың жайлы болуы үшін бесік арбаларды, чемодандарды сыйдыруға мүмкіндік береді.

Шатырдағы люк

Luxury жинақтамасы тұтас панорамалы шатырдан рақаттануға мүмкіндік береді.

Сыйымды үлкен салон

Ішкі кеңістіктің тамаша дизайны алдыңғы және артқы орындардағы жолаушыларға жеткілікті орынды және жүрген кезде жоғары жайлылықты қамтамасыз етеді.

03 Өнімділігі

116 ат күші және 141 Нм айналу сәті. Трансмиссия ретінде бес сатылы механикалық ауыспалы беріліс қорабы немесе вариатор ұсынылады.
Осы атмосфералық қозғалтқыш дросселді жапқыштың тез жауап қайтаруымен, тұрақты іске қосылумен, айналдыру жиілігінің өзгеруі кезіндегі тұрақты шығу қуатымен, қарапайым механикалық конструкциясымен және техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың төмендігімен ерекшеленеді.

Өнімділігі жоғары 1,5 литрлік қозғалтқыш

Қауіпсіздігі

360° шолу камералары

Артқы жүріспен маневр жасау және тұраққа қою артқы көрініс камерасының 1920*720 (HD⁹) ажыратымдылығы жоғары кең бұрышты «суреті» мен динамикалық траектория сызықтарының арқасында оңай әр

HHC (Hill Hold Control) жүйесі

Еңіске түскен немесе өрге көтерілген кезде қозғалыс басында автокөлікті ұстап қалу.
Көлік жүргізуді оңай әрі қауіпсіз ете отырып, автокөлік еңісте орнынан қозғалған кезде оның сырғуын болдырмайды.

«6D-BODY» шанағының конструкциясы

Қауіпсіз шанақтың осы озық тұжырымдамасы алдыңғы соққы жүктемесін тиімді жеткізіп қана қоймай, бүйірлік соққының энергиясын да біркелкі тарата алады.

Технологиялар

7 дюймдік СК-дисплей

Өз класында ең үлкен болып саналатын 7 дюймдік СК аспаптар панелі үлкен бейнелеу ауданына ие, ақпараттың бейнеленуін анығырақ және интуициялық тұрғыдан түсінікті етеді, сондай-ақ автокөліктің класын жақсартады.

9 дюймдік сенсорлық экран

Саусақ ұшындағы технологиялық басымдық! Басқарудан алынатын бірегей сезімді ишарамен басқарылатын 9” сенсорлық экран мен ақылды білезік-кілт қамтамасыз етеді. Бапт

«Ақылды» білезік-кілт

Автокөлікті басқару процесін барынша жайлы ете отырып, қашықтан басқару кілтінің функцияларын қайталайды. Білезік смартфонға қосыла алады, бұл автокөліктің жағдайын ғана емес, жүргізуші денсаулығының негізгі көрсеткіштер

Жеке ақпарат

Арнайы ұсыныс үшін өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді енгізіңіз.