CHERY САТЫЛЫМНЫҢ ӨСУ ДИНАМИКАСЫ БОЙЫНША КӨШБАСШЫ. ШІЛДЕ АЙЫНДА САТЫЛЫМ 21% АРТТЫ 

«Астана Моторс» құрамына кіретін Қазақстандағы Chery компаниясы ағымдағы жылдың шілде айына дейін сатылым басталғаннан бері 1500-дан астам жаңа автокөлік сатты. 2022 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша Chery Renault, Nissan, Volkswagen-ді басып озып, ең танымал автобрендтер рейтингінде сегізінші орынға ие болды. Ішкі нарықтағы ең көп сатылатын модель – Chery Tiggo 7 PRO, брендтің жалпы сатылымының 55% құрайды.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) деректері бойынша Қазақстандағы Chery Қытай брендтері арасында ағымдағы жылғы маусымда (312 сатылған авто) және шілдеде (378) сату көшбасшысы болды, маусыммен салыстырғанда шілде айының өсімі – 21%. Осылайша, Chery Қазақстандағы топ 10 автобрендтің позициясын нығайтты.

«Chery біздің отандастарымыздың көңілінен шығуда, тез танымал бола бастады және сатылымның жоғары нәтижелерін көрсетуде. Біз брендке деген қызығушылықты байқап отырмыз және Қазақстанда бизнесті дамытудың дұрыс жолымен келе жатқанымызды түсінеміз», – деп атап өтті Chery дистрибуциясының директоры Нұрлан Шамгонов.

2022 жылдың тамыз айында Қазақстанда алғашқы онлайн-дилер жұмысын бастады. Mycar.kz IT-компаниясы Chery ресми дистрибьюторының серіктесі және қытай брендінің жаңа автомобильдерін сатуға құқылы болды.

img

Онлайн-сервис тест-драйвқа тапсырыс беруге немесе мәміле жасалған сәттен бастап 72 сағат ішінде тегін «үйге жеткізумен» қашықтықтан авто сатып алуға мүмкіндік береді.

Жұмыстың алғашқы екі аптасында Mycar.kz онлайн-дилері қашықтан төрт Chery көлігін сатты. Бүгінгі күні онлайн-маркет тұтынушыларына жеткізу Алматы қаласының аясында жүзеге асырылады. Болашақта қызмет еліміздің басқа қалаларында да қолжетімді болады.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Орал, Атырау, Павлодар қалаларындағы дилерлер арасында бүгінгі күні сатылған автомобильдер саны бойынша Chery Nursultan және Chery Almaty көш бастап тұр, оларға жалпы сатылымның 54% үлесі тиесілі. Chery дистрибьюторы дилерлік желіні дамытуды жалғастыруда және Тараз, Ақтау, Талдықорған, Өскемен, Қызылорда, Көкшетау, Семей қалаларында автоорталықтарды ашуды жоспарлап отыр. Осылайша Қазақстандағы Chery желісі дилерлік орталықтарының саны 2023 жылдың соңына дейін 17-ге дейін өседі.

«Әлемдік көлік нарығындағы жаппай тапшылық жағдайында дилерлерде танымал Chery модельдерінің болуы брендтің тез өсіп келе жатқан сатылымының негізгі факторы деп болжауға болады. Сонымен қатар, клиенттердің кері байланысы Chery-дің Қазақстанда, сондай-ақ әлемде танымалдығы технологиялыққа, әсіресе қауіпсіздік пен сенімділік саласында кең нұсқаларға негізделген екенін көрсетеді. Қарапайым сөзбен айтқанда, біздің тұтынушылраымыз баға мен сапаның оңтайлы үйлесімін, премиум-класты жаңа «ақылды» автомобильді төмен бағамен сатып алу мүмкіндігін таңдайды», – деп түсіндірді Нұрлан Шамгонов.

Қазақстандағы Chery дилерлік желісінде арнайы бағдарламалар мен Mycar Finance пакеттік ұсыныстары жұмыс істейді, атап айтқанда, корпоративтік сектор үшін ыңғайлы. Еліміздің бірқатар ірі компаниялары бизнес үшін 25-тен астам Chery кроссоверін сатып алды.

Бүгінгі таңда қазақстандық дилерлік орталықтарда Chery Tiggo 7 PRO және Chery Tiggo 8 PRO премиалды кроссоверлері ұсынылған. Жақын арада дистрибьютор Chery Tiggo 4 PRO және Chery Tiggo 8 PRO MAX деп аталатын PRO отбасының екі жаңа моделін ұсынады. Барлық автомобильдерге өндірушіден кепілдік беріледі, ол 5 жыл ға немесе 150 мың км.

Қазақстандағы Chery туралы толық ақпаратты «Астана Моторс» 7007 нөмірлі тәулік бойғы байланыс орталығынан білуге болады.

 Естеріңізге сала кетейік, жалпы алғанда, қытайлық автоөндірушілер бүкіл әлем бойынша жаңа автокөліктерді сатудың жоғары өсімін көрсетуде. "АВТОСТАТ" аналитикалық агенттігінің деректері бойынша Қытай маусым айында автокөлік сату бойынша әлемдік көшбасшыға айналды – 2 млн 483 мың көлік сатты, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 29,5%-ға жоғары.

Chery Holding деректері бойынша Chery бренді бүкіл әлем бойынша сатылымдарды белсенді түрде арттыруда – 2021 жылы өсім өткен жылмен салыстырғанда 31,7%-ды құрады. Қытай брендінің автомобильдеріне 10 млн  астам тұтынушы иелік етеді, олардың 2 млн ҚХР-дан тыс жерлерде, соның ішінде Қазақстанда.

 


Ақпараттық анықтама

Chery Automobile Co.Ltd-1997 жылы құрылған қытайлық автокөлік компаниясы инновациядағы прогрестің арқасында «технологиялық Chery» ретінде танымал.

Chery Automobile-да жеке зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуге арналған зертхана, сонымен қатар бүкіл әлем бойынша бес ғылыми-орталығы бар. Компания ұшқышсыз автомобильдерде қолданылатын байланыс жүйесін әзірлеу жобасын іске асыруда. Сонымен қатар, Chery Automobile қозғалтқыштар, беріліс қораптары, қозғалтқышты басқару жүйелері (EMS) шассиі және платформалық технологиялар өндірісін игерген Қытайдағы алғашқы автомобиль кәсіпорны болып табылады.

Chery Automobile құрамына әлем бойынша 6 автомобиль зауыты және 11 құрастыру өндірісі кіреді. Компания өз автокөліктерін 80-нен астам елге экспорттайды.

«Астана Моторс» - 1992 жылдан бастап автокөліктерді сату және сервистік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы компания. Бүгінгі таңда «Астана Моторс» нарықта 15 автокөлік брендін ұсынады: Hyundai (Қазақстан мен Өзбекстанда), SubaruBMWMINIMotorradHAVALCheryChanganGolden Dragon, МАЗ ресми дистрибьюторы; ToyotaLexusJaguarLand RoverVolvoFoton ресми дилері. Компания Қазақстанда Hyundai жеңіл автомобильдерін шығаратын зауыт және HyundaiGolden Dragon, МАЗ және Foton коммерциялық техникасын шығаратын зауыт салды.

Дизайн

Жеке ақпарат

Арнайы ұсыныс үшін өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді енгізіңіз.